Стоковые изображения от Depositphotos
Семей жастары жұмысшыларға ыстық шәй мен бәліш таратты, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«-35 градус аязда еңбек етіп жатқан көшебойындағы техникалық қызметкерлердің еңбегін жоғары деп бағалаймыз. Себебі, осы бір аязға қарамастан еңбегіне адал азаматтар әрқашан мына біз жастарға үлгі деп білемеін», – дейді студенттік парламент спикері Мерей Сырымұлы.
Акцияның мақсаты күннің суығына қарамастан, қала тазалығына үлес қосып жүрген қызметкерлерге жылулық сыйлау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша акция алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press