«Қазақмыстың» мейірімге толы дәстүрлері
Өмірімде баспана мәселесімен ісім болмады деп мақтана алатындар аз. Өз үйін немесе пәтерін алу бүгінде ұзақ мерзімді мақсатқа, басты міндетке, арманға айналды. «KazakhmysHolding» (Қазақмыс Холдинг) ЖШС армандарды шындыққа айналдыратын мейірімді сиқыршы ретінде әрекет етіп келе жатқанына бірінші жыл емес. Тәуелсіздік күні қарсаңында компанияның 45 қызметкері керемет сыйлықтарға ие болды. Енді олардың барлығы балаларымен бірге жаңа жайлы пәтерлерде тұратын болады.
2021 жылдың 14 желтоқсан күні салтанатты шара өтті, оны «Қазақмыс» холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин құттықтау сөзімен ашты. Содан кейін «Қазақмыстың» еңбек сіңірген өндіріс қызметкерлері мен ерекше көзге түскен қызметкерлері «Құрмет» төсбелгілерімен марапатталды. Үш қызметкер «Еңбекардагері», 20 қызметкер «Кеншіданқы» және тағы 8 қызметкер «Еңбекдаңқы» медалімен марапатталды.
Тұла бойым шымырлап кетті!
Шараның көптен күткен оқиғасы «Қазақмыста» жұмыс істейтін көп балалы ата-аналарға жаңа пәтер кілттерін табыс ету болды. Олардың қатарында Нұрқазаған тау-кен байыту комбинатының электр сілесірі Бекболсын Білбаев та бар. Ол Теміртауда тұрады, комбинаттағы шахтада жұмыс істейді, жұбайы Жадыра екеуі 7 қыз тәрбиелеп отыр. Ұзақ уақыт бойы отбасы бір жалдамалы пәтерден екіншісіне көшуге мәжбүр болды. Қазір көп балалы ата-ананың 4 бөлмелі жаңа жөндеуден өткен пәтері бар. Арада бір жарым ай өтсе де, 40 жастағы Бекболсын «Қазақмыстың» үлкен сыйлығы туралы қызықты етіп әңгімелейді.
«Әлі есімнен кетер емес: 10-шы желтоқсанда көшеде келе жатқан едім, маған кадр бөлімінен қоңырау шалды. Олар маған 4 күннен кейін пәтер кілтін алуға болатынын хабарлады. Тұла бойым шымырлап кетті. Бірден қуанышымды біреумен бөліскім келді. Әрине, қуанышты хабарды ең бірінші жұбайыма айттым. Басында туыстарымызға айтпауды жөн көрдік – кілт берілгенше күтеміз деп шештік. Бірақ шыдай алмадық – ерте хабарлап қойдық. Мұндай тамаша жаңалықты іште сақтау қиын!», – дейді қуанышымен бөліскен бақытты отағасы.
Бекболсынның айтуынша, құжат тапсырған сәттен жаңа үйге қоныстанғанға дейін көп уақыт өткен жоқ – бір жылдай. Корпорация тұрғын үйді беру үдерісін барынша жеделдетуге тырысуда. Басты сыйлыққа жағымды қосымша ретінде Билбаевтар отбасына жаңа жиһаздар мен тұрмыстық техниканың толық жиынтығы берілді.
Адамдар – басты құндылық
2019 жылдың мамыр айында үш жақты келісімге қол қойылып, соның арқасында жүздеген отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады. «Қазақмыс» холдингі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен облыс тұрғындарына жан-жақты көмек көрсету міндетін өзіне алды. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, әлеуметтік-осал санаттағы азаматтарға, жастарға, көп балалы ата-аналарға көмек көрсету басым бағыт болып табылады. Айта кететін жайт, компанияда соңғы аталған категорияға кіретін 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді.
Келісімнің бүкіл мерзімінде140-тан астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Пәтерлер мен үйлерді жаңа меншік иелеріне беру тек Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Теміртау сияқты ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар шағын елді мекендерде – Қарағайлы, Топар, Молодёжный ауылдарында да жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Әрбір отбасының тұрғылықты жері ескеріледі. Осылайша, «Қазақмыс» бүкіл Қарағанды облысын әлеуметтік қолдаумен қамтуға тырысуда.
Компания қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы 2022 жылы жалғасатынын растайды. «Қазақмыс» басшылығы компанияның басты құндылығы – онда жұмыс істейтін адамдар екенін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан холдинг өз қызметкерлерінің ең жақсы жағдайда өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін барлығын жасап жатыр.
По сообщению сайта EKaraganda.kz