Шетелде жүргенде қауіп туындаса не істеу керек? Маман кеңестері 25 февраля 2022, 18:20

Дата: 25 февраля 2022 в 18:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


24 ақпанда Украина СІМ Ресейдің толық шабуылы басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Украинада жағдай шиеленісіп жатқаны жасырын емес. Өзге елде жүргенде Қазақстан азаматтары қандай да бір мәселе туындаған жағдайда не білу керек? Осы секілді сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Беккулов Азамат жауап берді.

Маманның айтуынша, шетелге сапарды жоспарламас бұрын қандай жағдай болса да, барлық ақпаратты біліп алу қажет. Бұл қатарда шетелдегі елшіліктің мекенжайы, байланыс телефондары бар. Кез келген мәселе туындаса, оның ішінде соғыс қаупі бола қалса да, жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай, елшілікке хабарласуы керек. Жағдай шиеленісіп тұрса, түрлі тәсілмен елшіліктен көмек сұрап, өзінің тұрған жерін айтуы қажет. Кейін Қазақстан тарапынан эвакуациялау туралы шешім шығарылса, қайда, қай уақытта жинайды деген ақпарат жарияланады.

«Барлығы елшілік бекіткен шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Мысалы, қазір Украинадағы жағдайға сай тіке рейстер қатынай алмайды. Дегенмен Еуропа арқылы маршруттар қарастырылған», — деді маман.

Заңгер шетелге шықпас бұрын әрбір азамат ескеруі қажет кеңестер берді:

Саяхат немесе басқа мақсаттағы сапар алдында баратын елдің заңдарымен, кейбір ерекшеліктерімен танысу қажет. Шетелге шыққанда үнемі жаңалықтарды бақылап отыру артық етпейді. Соғыс жүріп жатқан елде жүрсеңіз, киімге де аса мән бергеніңіз абзал. Қара не қою жасыл түсті киімдер немесе әскери форма кимеу қажет. Керісінше жарқын түсті киімдер кию қауіпсіз екеніңізді көрсетеді. Жеке құжаттарға мұқият болу керек. Өйткені жеке құжаттар кез келген жағдайда мәселені шешіп, оқиғаға ешқандай қатысыңыз жоқ екенін дәлелдей алуы мүмкін. Жеке құжаттарды жоғалтып немесе басқа да жағдайлар болса, дереу мәселені шешу қажет. Өйткені төтенше жағдай болып жатқан елдің құқық қорғау органдары белгісіз адамдар қауіп туғызады деп ойлауы мүмкін.

Сонымен қатар, маман шетелде жүргенде оқыс оқиға болып жатқанын білсе, қорықпай, дереу жедел сөмке дайындау керек екенін айтты. Ал сөмкеге фонарик, дәрі-дәрмек, ұзақ уақыт сақталатын консерві тамақтар секілді қажет дүниелерді салып алу қажет.

Қазақстанның Украинадағы құрметті консулдарының байланыс телефондары жарияланды

Автор: Жансая Қадыржанова

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews