Әдетте өмірде салмақты көрінетін адамның жаны нәзік, кез келгенге қол ұшын созғысы келіп тұратын болып шығатыны сирек емес. Дегенмен, барлығы бірдей жарияға жар сала бермейді. Депутат және іскер ханым Наргиза Керімбаева «Жануарларқа – қамқорлық» жобасының авторларына күтпеген жерден басқа қырынан танылды. Кәсіпкердің кеңсесінде қаншама құтқарылған жануар әл жинап, емделген екен. Мысықтардың өзінің саны – бесеу.
«Жалпы санағанда бесеу болады. Кеңсенің артқы ауласында өздері тамақтанатын жер бар. Екеуі тұрақты түрде кеңседе өмір сүріп жүр. Қыздар оларды шомылдырып, ойнатып тұрады, клиенттеріміз де мысықтарды еркелетеді. Әлгі айта жүретін мысық терапиясы деген сол шығар. Қыз-келіншектер келіп, бір іспен айналысса, мысықтар аяқтарына, тізелеріне жатып алады. Әрине, бәріне бірдей еркелей бермейді, арасынан адам таңдайды деп айта аламыз», – дейді Наргиза Керімбаева.
Бұл мысықтардың көбісін балалар әкелген. Кейбірі, тіпті еркінсін, диванға иелік етіп алады екен. Мысалы, мына сұр мысық. Төрт аяқты жануарлар уақыт өте келе бұл үйге әбден үйреніп, кеткісі келмей қалатын көрінеді. Кішкентай күшіктер мен марғауларға жаңа иелерін табу оңай, тіпті, Наргиза төрт аяқты достарды жарнамалау үшін инстаграм маркетингін де үйреніп алыпты. Ал бір күні дейді кәсіпкер,8 наурыз мерекесін ветеринарлық емханада өткізген екен. Асырап, құтқарып қалған мысық төлдеген күн болыпты.
«Мысық туа алмай қиналды, марғаулардың жартысы көрініп тұр. Мереке күні болғандықтан, барлығы демалуда. Әрең дегенде келіскен ветеринардың емханасына келдік. Мысыққа операция жасау керек деп, үш сағаттай күтесіздер деді. Содан жұбайым, жүргізуші үшеуіміз көрші кофейняда күттік. Осылайша ең есте қаларлық 8 наурыз болды. Бір өкініштісі, операция кезінде көп наркоз қабылдаған марғаулар өлі туылды», – дейді Наргиза Керімбава.
Ит-мысыққа қарап, күтім жасап өскен балалар мейірімді және еркін болып өседі, деп санайды Наргиза. Көп балалы бұл отбасында жануарларды барлығы жақсы көреді. Мысалы, қақпаның алдына үйсіз ит келген еді, оны тамақтандырып, кейін үйге де кіргізген. Ол кезде жүкті екенін білмепті. Екі аптадан кейін 8 бірдей күшік туып беріпті. Бір қызығы, енелері күшіктерді емізуден бас тартқандықтан, Наргизаның бес баласы жабылып жүріп, күшіктерді қолдан сүт беріп, тамақтандырған.
«Менің ойымша, үйіңізде ит немесе мысық болса, болашақта күшік немесе марғауларға қарай алмаймын деп ойласаңыз, онда үй жануарларын міндетті түрде стерильдеу керек. Бағасы аса қымбат емес, есесіне сенімді серігіңіз ұзақ жылдар бойы қасыңызда болады», – дейді Наргиза Керімбаева.
Зооволонтер, жануарларды жақсы көретін жан және депутат ретінде Наргиза Керімбаева қаңғыбас ит-мысықтарды стерильдеу мәселесін заңмен бекітіп, оларды аулаға тыйым салу керек деген пікірде.
«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.
Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.
Біздің жобаға мына сілтеме арқылы қосылуға болады:
https://chat.whatsapp.com/FyaB4i6aB0B0PTycH7B3Sr
Последние новости Шымкента:
По сообщению сайта Vera.kz