Қарағандыда «Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» жобасы іске асырылды

Дата: 07 декабря 2022 в 13:35 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бұл тұста әңгіме материалдық өнімге ғана емес, сондай-ақ білімге, қызмет көрсету сапасына, зияткерлік өнімге, еңбек ресурсының сапасына да қатысты. Бұл аксиома-пайым мемлекетіміз басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты (2017 жылғы сәуірде жарияланған) мақаласында да көрініс тапты. «Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» жобасының негізгі мақсаты – жан-жақты дамыған, сегіз қырлы бір сырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 

Жоба аясында 4 пән бойынша Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларында тренингтер өткізілді: «Шешендік өнер әліпбиі» «Мақсатқа жету технологиясы», «Көшбасшы болуға үйренейік», «Бақытты болғыңыз келсе».

Облыстың Абай, Бұқар-жырау, Шет және Ақтоғай аудандарында «Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» дәрістері өткізілді.

Аталған іс-шараларды Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (МАИН) академигі, әдебиеттанушы ғалым, сыншы Жандос Қожахметұлы Смағұлов өткізді.

Жобаны Қарағанды облысының Азаматтық альянсы «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша іске асырды. 

По сообщению сайта EKaraganda.kz