Семейде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Бұл туралы бүгін, 21 желтоқсанда, қала кәсіпкерлерімен кездесу барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Әлібек Қуантыров Семейде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы негізінде әйелдер кәсіпкерлігі орталығын ашу жоспарланып отырғанын хабарлады.
«Қозғалған мәселелердің бірі-әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, бұл бүкіл ел бойынша өте өзекті болып табылады. Қазір Ұлттық экономика министрлігі БҰҰДБ және «Атамекен» палатасымен бірлесіп барлық өңірлердегі «Атамекен» алаңында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарын ашу жобасын іске асыруда. Мұндай орталық жақын арада Абай облысында да ашылады», − деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 20-21 желтоқсан аралығында Абай облысында жұмыс сапарымен болды. 20 желтоқсанда Приречное ауылында өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Бүгін, 21 желтоқсанда, Семей кәсіпкерлерімен кездесіп, қаланың бірқатар нысандарын, соның ішінде «Ғаббасов» қазандығын аралады.
Фото: Egemen.kz, Arnapress.kz
По сообщению сайта Arna Press