«Жағдай әлі бұрынғыдай»: Екібастұз тұрғындары тоңып отырғандарын мәлімдеді

Дата: 14 февраля 2023 в 13:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Биылғы қыста Екібастұз қаласы жылусыз қалған. Жылу қазандықтары істен шыққаннан кейін, оларды уақытша жөндеген. Алайда, тұрғындар үй ішінде сыртқы киім киюге мәжбүр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Stan.kz сайтна сілтеме жасап.

Екібастұз қаласының тұрғындары пәтерлеріне әлі де жылу келген жоқ дейді. Сонымен қатар электр энергиясы үшін де қыруар қаржы төлейді екен. Алайда жылытқыштарды өшіріп, электр қуатын үнемдей алмайды. Себебі қарашада жылу электр орталығында болған апаттан кейін үйлерге толыққанды жылу берілмеген. 

Екібастұз тұрғындары не үйде, не жұмыс орнында жылына алмайтындарын айтады. Кей пәтерлерде жылу 10 градусқа да жетпейді. Сондай-ақ төрт мектепте температура режиміне сай келмегендіктен, оқушылар қашықтан оқуға жіберілген. 

«Шын мәнісінде, жағдай әлі бұрынғыдай. Жылу жоқ, жарық өшіп-қосылып тұрады, су жоқ. Студияда да суық. Еш жерді жылыта алмайсың», – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Әмір Қалиев.

Тұрғындар жағдайдың ушығып тұрғанын айтқанымен, жергілікті билік мәселенің бақылауда екенін алға тартып отыр. Ақпан соңына дейін алты қазандықты іске қосып, екі қосалқы қазандық дайындамақшы. Сөздерінше, жоспар жүзеге асырылған. Дегенмен жылуды толыққанды беру үшін апаттың салдары мүмкіндік бермей отыр екен. Ал су қалыпты деңгейде беріліп жатыр екен. Сондай-ақ құбырлар бітеліп қалғандықтан, кей пәтерлер әлі салқын деп сендірді мамандар. 

«Төтенше жағдай салдарын жою кезінде жылу желісіне батпақ пен өзге де заттар түскен. Біз суды станцияға толтырдық, өйткені химиялық тазартылған техникалық су жетіспежі. Станцияны тоқтатуға болмайды, сондықтан осындай шара қабылдауға тура келді», – деді «Орталық Азия энергетикалық корпорациясы» АҚ төрағасы Бағдат Орал. 

Қазір зиян келген пәтерлерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімдік ақпаратына сәйкес 160 пәтер толық қалпына келтіріліп, жаңа батарея орнатылған. Қазір Екібастұзда жерүсті жылу мен су желісі жүргізілген. Жергілікті билік жаңа апатқа жол бермеу үшін оларды жер астымен жүргізу керегін айтады. 

«Жылутехникалық тексеріс қай жерде тепе-теңдік сақталмағанын көрсетеді. Мұны осы жерде жұмыс істеп жатқан адамдарға да айту қиын, арнайы техникалық есепсіз және желідегі қысым көрсеткіштері бойынша жүзеге асады», – деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов. 

Демалыс күндері Екібастұзға вице-министр Роман Скляр барған. Ол «Павлодарэнерго» бас директоры Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, жұмыстан шығарылуын талап етті.  

По сообщению сайта Arna Press