Қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Енді құжаттарды порталда көрсету кезінде НҚА-ны орналастырудың статусын көрсететін «Жоба» арнайы батырмасы пайда болды. Бұл ҚР Әділет министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің бірлескен технологиялық шешімдерінің нәтижесінде мүмкін болды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Мәселен бұған дейін «Ашық НҚА» порталында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жарияланған түзетулерде, жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылған. Алайда, жұртшылық бұл мәселе халықпен жеткіліксіз деңгейде талқыланғандығы туралы сын айтқан. Осыған байланысты порталға жаңа мүмкіндік енгізіліп отыр, деді ресми өкіл.
Сурет: Әділет министрлігі
По сообщению сайта Arna Press