Қайырбаев – Назарбаев көшелерінде су құбырларынан ақау шығып,апат болды,, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Pavlodarnews.kz. сайтының жазуы бойынша Қайырбаев көшелеріндегі көпқабатты 88, 80, 98, 104, 107 тұрғын үйлерде және мешітте сондай-ақ Назарбаев көшесі 24 үй бойынша суық су беру уақытша тоқтатылды.Сусыз қалған тұрғындарға су жеткізу шаралары ұйымдастырылған.
Апат салдарын жоюмен «Павлодар-Водоканал» ЖШС айналысып жатыр.
«Қазіргі уақытта құбырдың тесілген жері және зақымдану ауқымы белгіленуде. сол арқылы құбырды жөндеуге немесе ауыстыруға қанша уақыт кететіні анықтайды. Жұмыстың аяқталғаны туралы қосымша хабарлаймыз», — деп жауап берді кәсіпорында.
Сурет: pixabay
По сообщению сайта Arna Press