Қазақстандықтар әскери борышын өзі туып-өскен аумағында өтей алады ма?

Дата: 08 марта 2023 в 23:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Барлық  аналарды мазалайтын сұрақтардың бірі, ұлының  әскери борышын өзі туып-өскен аумағында өтеуіне бола ма? Бұл сұраққа «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс күштері мен өзгеде әскери құрылымдарды азаматтарды әскерге шақыру арқылы жасақтау экстерриториалалдық  принцптер бойынша жүзеге асады. Яғни, жеке құрамды өзі тұратын елді-мекендегі әскери бөлімдер мен құрылымдардан тыс аумақтан жасақтау.

Бірақ, биыл мамыр айынан маусым айы аралығы  және тек Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының   экстерриториалалдық  принцптері өз облысының құзіретінде болады.  Мысалы,  Өскемен қаласынан шақырылатын болашақ сарбаз Семей және Павлодар қалаларында әскери борышын өтеуіне болады. Дәл солай, Павлодар, Семей қалаларынан шақырылғандар Өскеменде  бір жылдық әскери міндетін атқаруға  мүмкіндігі бар, яғни, тек Ұлттық ұланның  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге бара алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы сапына әскерге шақырылу бойынша барлық сұрақтардың жауабын  87775417213  нөмірі арқылы білуге болады.  

Бағдат Амангелді,

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі бастығы.

По сообщению сайта Arna Press