Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«2023 жылғы 30 наурызда сағат 10:10-да Арыс-Түркістан суару каналынанда оқиға орнынан 11 шақырым жерде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалып кеткен қыздың мәйітін судан тауып алып шығарды», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 2023 жылғы 25 наурызда сағат 17:00 шамасында кәмелетке толмаған қыз үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 139 адам мен 16 техника, оның ішінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің квадрокоптері мен жүзу қайығы, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.
По сообщению сайта Arna Press