Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 қыркүйектен емес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап арттыру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімінің жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
«2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін», — делінген хабарламада.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 17 сәуірге дейін жалғасады.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press