Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ең басты мәселесі — баспана. Олардың көпшілігі екінші нарықтан баспана сатып ала алмайды. Сонымен қатар, жаңа пәтер алуда да белгілі бір кедергілер бар, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтың қатысуымен өткен мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу барысында талқылады.
Сонымен қатар шарада мүмкіндігі шектеулі жандар жалғызбасты мүгедектер үшін бір бөлмелі пәтерлерді көптеп пайдалануға беруді сұрады, сондай-ақ протездердің тым қымбаттығын да көтерді. Дегенмен, биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға протез сатып алуға бюджеттен қаржы қарастырылды, бұл мәселені оң шешуге болады.
Сондай-ақ Семейдегі инватакси мәселесіне назар аудару қажет екендігі айтылып, қалада бар болғаны 12 көліктің мүгедектерге қызмет көрсететініне назар аударылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар кездесу барысында баспананы жекешелендіру мүмкіндігіне алаңдаулы екендіктерін жеткізді. Шалқар Байбеков бұл мәселені «Отбасы банкі» АҚ-мен және қала әкімдігімен бірлесіп шешуді тапсырды.
Сурет: Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі, belta.by
По сообщению сайта Arna Press