Семейде жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға қатысты 165 әкімшілік хаттама толтырылды

Дата: 16 мая 2023 в 17:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласының аумағында жол көлік оқиғаларының, оның ішінде, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын оқиғалардың алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
 

4 күнге созылған шара аясында полиция қызметкерлері қала көшелерін, қарбалас уақыттарда көлік көп қатынайтын жаяу жүргіншілер өткелдерін патрульдеді.



«Назар аударыңыз – жаяу жүргінші» ЖПІШ аясында ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша – 64 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша – 101 әкімшілік хаттама толтырылды.



Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press