Тараған ақпаратта Қазақстанда 1 маусымнан бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы айтылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
БЖЗҚ мәліметінше, зейнет жасына толған адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мерзімсіз уақытқа бірінші және/немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін БЖЗҚ-дан кесте бойынша төлемдер алу мүмкіндігі көзделген.
«Бұл әдістеме БЖЗҚ-дан былтырғы ай сайынғы зейнетақы мөлшерін жыл сайын зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5 пайыз мөлшерлемесіне ұлғайтуды көздейді. Қордағы жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкімет (www.egov.kz) сайтында бақылауға болады. Азаматтардан тек ресми дереккөздерден алынған, сенімді ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз», — делінген хабарламада.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press