16 маусым Өскеменде ШҚО мәслихат отырысы өтті. Күн тәртібінде өңір әкімін тағайындау болды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Депутаттар ұсынылған екі кандидаттан таңдау жасады. Кешегі күнге дейін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет еткен Ермек Көшербаевпен ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапановтың кандидатуралары ұсынылы.
Депутаттардың шешімі бойынша әкім қызметіне Ермек Көшербаев тағайындалды. Оны халық қалауларына Премьер-министр Әлихан Смаилов таныстырды.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аймақ басшысы болған Даниал Ахметов мемлекет басшысының жарлығымен бұл қызметтен босатылды. Ол ШҚО әкімі болып 9 жыл қызмет етті.
Сурет: ашық дереккөздерден алынған
По сообщению сайта Arna Press