Сенаторлар электрсамокаттардың қозғалысын реттеуге қатысты түзетулерді мақұлдады

Дата: 22 июня 2023 в 17:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сенат депутаттары 22 маусымдағы жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары заңға шағын электр көліктері мен электрсамокаттарды реттеуді енгізу туралы бастама көтерген. Заң бойынша сенат депутаты Евгений Болгерт баяндама жасады.

Заңға сәйкес

Заң — жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен әзірленген. Заңның негізгі мақсаты — қолданыстағы құқықтық оқылықтарды жою және шағын электр көліктерін, сондай-ақ электр самокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу болып табылады. Бұдан бөлек, Заңмен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізіледі.

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласында мемлекеттік монополия енгізілмек. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы ҚР ІІМ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына беріледі.

«Мәжіліс қабылдаған Заң — жеке жүріп-тұру құралдарын пайдалану тәртібін құқықтық реттеу саласындағы алғашқы қадам. Сонымен қатар енгізілетін құқықтық новеллаларды тәжірибеде сынақтан өткізуді, электр самокаттар мен шағын электр көлік құралдарын пайдалану тәртібін реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, болашақта өзінің заңнамалық шешімін талап ететін бірқатар мәселе бар», — деді Евгений Больгерт.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press