Ағымдағы жылдың 22 маусымында «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу барысында Абай облысы ПД қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткі заттарын заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Старая Крепость ауылының маңына келген полиция қызметкерлері қоршалған алқапты байқап, 39 жастағы бақша иесін табады. Қазіргі уақытта істің барлық жағдайы анықталуда.
«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп хабарлады Полиция Департаментінде.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press