Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңге болған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Сурет: видеодан үзінді
По сообщению сайта Arna Press