Семейде ғимараттардың қасбеті жаңартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалада 3500-ден аса кәсіпкерлік нысандары бар. Ағымдағы жылы 30-дан артық нысанның қасбеттері күрделі жөндеуден өтті.
«Көктемде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, ғимараттардың қасбеттерін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру бойынша тапсырмалар берген болатын», деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, қаңтар айынан бастап 3000 дана хабарламалар таратылып, учаскелік полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша 2 366 хаттама толтырылды.
Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press