Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы. Олар, әрине, қалады. Жарнамаға немесе тағы басқа нәрселер үшін алымдар қысқартылуы мүмкін», — деді қаржы министрі.
Премьер-министрдің орынбасары Үкімет деңгейіндегі талқылаудан кейін жақын арада барлық өзгеріс енгізілетін жаңа Салық кодексінің жобасы жарияланатынын айтты.
Айта кетейік, Президент 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында салық бақылауын толық цифрландыру және салық есеп нысандарын 30 пайызға қысқарту қажет екенін мәлімдеді.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press