Үржар ауданының тұрғыны қарияның ұялы телефонын пайдаланып, 1 млн 130 мың теңгеге несие рәсімдеген Үржар ауданының полиция бөліміне зейнеткердің өтініші түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам өзінің танысынан телефонға интернет байланысын орнатуды сұрағанын айтты.
Гаджетті алғаннан кейін ауданның 42 жастағы тұрғыны интернетті орнатып қана қоймай, телефонда орнатылған зейнеткердің банктік қосымшасын пайдаланып, оған 1 млн.теңгеден астам сомаға несие ресімдеген. Сонымен бірге, күдікті түскен ақшаны дереу өз шотына аударған.
Жедел-іздестіру іс – шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-42 жастағы әйелді ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press