Қазақстанда жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы ашылады

Дата: 16 октября 2023 в 13:28 Категория: Новости спорта

Туризм және спорт министрлiгi «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнынан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын», – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып есептеледі.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні спорт саласындағы қызметті іске асыру болып белгіленбек.

Құжатта жазылғандай, ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әлемдік тәжірибеге сәйкес ұлттық олимпиада резервін дайындау және Жеңіл атлетика спорт кешенінің базасында жеңіл атлетикадан Олимпиадалық даярлау орталығын құру туралы ҚР президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

30 қазанға дейін қоғам болып талқылау үшін қаулы жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Сурет: akorda.kz

По сообщению сайта Arna Press