Соған сәйкес, ЕуроОдақта арнайы платформа құрылады. Азаматтар осы платформа арқылы Шенген визасына қажетті құжаттардың электронды көшірмесін жүктеп, визалық төлем жасай алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Дегенмен, Шенген визасына бірінші рет өтініш беретіндер мен био-метрикалық мәліметтері ескірген азаматтарға консулдықтар мен елшіліктерге баруға тура келеді.
Қаулыға сәйкес, қазіргі визалық жапсырманың орнына енді сызықшалы код басылады.
Жаңа ереже сандық визаны жасау платформасы дайын болғанда күшіне енеді.
Сурет: freepik
По сообщению сайта Arna Press