Елордада ауа райының нашарлауына байланысты 5 желтоқсанда жолдар жабылып, бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Көктайғаққа байланысты келесі бағыттар уақытша жабылды:
Сондай-ақ, көлік ағындары мен қоғамдық көліктердің жылдамдығы төмендейді. Автобус бағыттарында кідіріс орын алып, кей жерлерде қоғамдық көлікке қатынау қиынға соғады.
Сонымен қатар, елордадағы бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшуде.
Осыған дейін Астана қалалық полиция департаменті елорда тұрғындарына күтілетін қар жауып, көру мүмкіндігінің нашарлауына және көктайғаққа байланысты үндеу айтқан болатын.
Сондай-ақ, 5 желтоқсанда Астанада және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press