Семейде зергерлік дүкеннен төрт алтын алқа ұрлаған азамат ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семей қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығына зергерлік павильон иесі хабарласып, дүкеннің тоналғаны туралы хабарлады.
Оның айтуынша, белгісіз жас жігіт төрт алтын алқаны ұрлап кеткен. Залал сомасы 1 млн теңгеден асты.
«Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары кешенін өткізу нәтижесінде күдікті анықталды. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметінде.
Жас жігіт анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press