Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ол бұл қызметке 2023 жылғы шілдеде тағайындалған еді.
Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.
2009-2011 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы,
2011-2013 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы,
2013-2018 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері,
2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.
2023 жылғы мамырдан шілдеге дейін Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылғы шілдеде мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметі тағайындалды.
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press