Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге», — делінген хабарламада.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 343 мың адам.
«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 миллиард теңге жұмсалды», — делінген хабарламада.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press