Абай облысында мектеп бухгалтері мемлекеттік қаражатты иемденіп алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокуратура аудандағы мектептердің бірінің есепшісімен 2,8 млн. теңге қаражатын ұрлау фактісін анықтады.
Белгілі болғандай, есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.
«Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК 189-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыр) сотқа дейінгі тергеуді бастап, материалдарын экономикалық тергеу қызметіне жолдады», — деді баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта бұрынғы есепші заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press