Абай облысының оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, 11-сынып оқушылары қоршаған ортаны аялау мақсатында ағаш отырғызып, өз үлестерін қосуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, акция оқушыларға экологиялық мәдениетті, табиғатқа ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруға үйретуге баулиды.
Семей қаласының 11-сынып оқушылары 2 түп көпжылдық ағаш отырғызса, басқа білім беру ұйым оқушылары көшеттер отырғызып, гүлдер екті. Сондай-ақ бұл шараға еліміздің түлектерін қатысуға шақырады.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 1000-ға жуық мектеп түлектері, студенттер мен ата-аналар да қатысты. Акция аясында 150-ге жуық көшет отырғызылды.
Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press