Алматыда жасөспірім қызға сексуалдық сипатта зорлық жасады деген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқырмандардың редакцияға берген ақпараты бойынша, 20 сәуірде қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында 13 жастағы қыз зорланды деген болжам айтылған.
Алматы полициясы аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жай анықталып жатыр», — деп қосты полиция.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press