Семейде көппәрлі үйде жеделсаты құлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
8 мамыр сағат 12:30 шамасында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ кезекші бөліміне «103» диспетчерінен Әуезов даңғылы, 3 бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте лифт шахтасына жеделсаты құлағаны туралы хабарлама түсті.
Сағат 11:40 шамасында лифтке 6 адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген салмақтан асып кету салдарынан лифт кабельдері үзіліп, кабина шахтаға құлаған.
«Қазіргі уақытта зардап шеккендер Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ», делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press