Синоптиктер Қазақстан тұрғындарын алдағы үш күнде – 2024 жылдың 21 мамыры мен 23 мамыры аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды кезең жалғасуда.
«Атмосфералық фронттардың әсерінен барлық дерлік аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады, тек кей күндері ғана жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, -2°C аяз болады», — делінген хабарламада.
Ал оңтүстік-батыс ағындары, болжам бойынша, мамыр айының климаты шегінде күндізгі температураның жылынуын тудырады:
Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде +7+15°С дейін төмендеді.
Сурет: unsplash
По сообщению сайта Arna Press