Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келе жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездескен «Rhenus Group» неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартц айтты. Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен бірге қоймалау инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол тасымалын дамыту арқылы Қазақстанның транзиттік қуатын арттыруға бағытталған жобалар қаралып, жаңадан қазақ-неміс кәсіпорындарын құру перспективалары сөз болды.
Тобиас Бартц терминалдық қуаттарды ұлғайту үшін қазақстандық компанияларды тарта отырып, жаңа аумақтар құруға қызығушылығын білдірді, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал Премьер-министр көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетті толық ашу үшін инвесторлармен ашық жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Сурет: primeminister.kz
По сообщению сайта Arna Press