Қазақстандықтар жыл басынан бері шетелге қанша ақша аударды

Дата: 04 июня 2024 в 18:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚР Ұлттық Банкінің статистикасына сәйкес, 2024 жылдың сәуір айында халықаралық ақша аударымдары жүйесі ХААЖ) арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 67,8 млрд теңге сомасына 209,4 мың транзакцияны құрады, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ретте транзакциялардың жиынтық көлемі 2024 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 759,4 мың, ал транзакциялар сомасы – 243,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6% және 14% — ға аз.

Сәуір айындағы жалпы саннан 65,8 млрд теңге сомасына 205,2 мың транзакция шетелге жіберілді.

«2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда жіберілген ақша аударымдарының саны 6,6%-ға көбейсе, көлемі 11,1%-ға көбейді«ҚР Ұлттық банкі

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша көлемі бойынша алдыңғы қатарда келесі елдер: Ресей – 21,3 млрд. теңге (жалпы соманың үлесі – 32,3%), Өзбекстан – 18,0 млрд. теңге (үлесі — 27,4%), Түркия – 12,6 млрд. теңге (үлесі – 19,1%), Грузия – 5,4 млрд. теңге (үлесі – 8,2%), сондай–ақ Қырғызстан – 2,5 млрд. теңге (үлесі – 3,8%).

Айта кетейік, Қазақстан аумағындағы аударымдар жалпы санның тек 2% және ақша аударымдарының жалпы сомасының 2,8% -ын құрады.

2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда шетелден түскен ақша аударымдарының саны 0,8%-ға азайса, көлемі 2,8%-ға өсті. Шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі бойынша алдыңғы қатардағы елдер: Ресей – 5,9 млрд. теңге (жалпы соманың үлесі – 29,0%), Корея Республикасы – 2,6 млрд. теңге (үлесі – 12,5%), Америка Құрама Штаттары – 2,5 млрд. теңге (үлесі – 12,2%), Өзбекстан – 2,1 млрд. теңге (үлесі – 10,1%), сондай-ақ Германия — 1,5 млрд теңге (үлесі – 7,3%).

Сурет: Freepik

 

По сообщению сайта Arna Press