Облыста агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын одан әрі дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жұмыстары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ет өндірісінің көлемі 24 035,2 тоннаға жетті, оның ішінде сиыр еті (11 355 тонна), қой еті (2 455,1 тонна), шошқа еті (309,5 тонна), жылқы еті (3 641 тонна) және құс еті (6 005,1 тонна) бар. Сүт өндірісі 137 866,5 тонна, ал тауық жұмыртқасы 16 174 мың дана болды.
Өңірде 38 бордақылау алаңы (қуаттылығы 16 614 бас) жұмыс істейді. Оның ішінде қуаттылығы 1 000 бас мал орнынан басталатын 11 өнеркәсіптік бордақылау алаңы бар (жалпы қуаттылығы 22 мың бас). 2024 жылдың басынан бастап облыс бойынша бордақылау алаңдарының жүктемесі 38%-ды құрады.
Облыстың сүт зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде 2 969 сауынды сиыры бар 11 сүт-тауар фермасы (СТФ) және халықтан сүт сатып алуға арналған 7 сүт қабылдау пункті (СҚП) жұмыс істейді.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
По сообщению сайта Arna Press