Қазақстанда балалардан саусақ ізі алына бастайды

Дата: 17 июля 2024 в 20:38

Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың саусақ іздері алынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Саусақ ізін тіркеуді (саусақ ізін алу) жүргізу қағидаларында ішкі істер органдары саусақ ізі туралы ақпаратты жинайтыны көрсетілген:

Сондай-ақ, жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.

«Дактилоскопиялық ақпаратты жинау адамның екі қолы он саусағының және (немесе) екі қолы алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді дактилоскопиялау арқылы алуды және осы Қағидаларда белгіленген дербес деректердің тиісті ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтиды», — делінген құжатта.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу үшін өтініш жасаған кезде он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардан дактилоскопиялық ақпаратты жинау олардың келісімі және жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат ұсынған кезде баланың заңды өкілінің қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Сурет: pexels.com

По сообщению сайта Arna Press