ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қарсы петицияға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Петицияны қарау барысында барлық заңнамалық талаптар сақталды.
«Құрметті қауым! Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арнайы жұмыс тобын құрып, утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қатысты петицияны қарастырды. Петицияны қарау барысында барлық заңнамалық талаптар сақталды. Ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде, петиция талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды».Қанат Шарлапаев
Еске түсіре кетейік, 2024 жылғы 27 мамырда министрлікке «ҚР халқы утиль алымы және бастапқы тіркеуге қарсы» атты петиция түскен болатын.
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-5-бабына сәйкес, Министрлік тарапынан 2024 жылғы 4 маусымда петицияда көрсетілген мәселелерді қарау үшін жұмыс тобы құрылып, оған заңнамаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, өтініш беруші және оның өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер кірді.
Жұмыс тобының отырыстарын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, онда Көкшетау, Алматы, Семей, Қостанай қалаларындағы машина жасау кәсіпорындарына бару болды, оған «КАМАЗ-Инжиниринг», «Kazrost Engineering Ltd.», «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы, «Hyundai Trans Almaty», «Hyundai Trans Kazakhstan», «СемАЗ», «Daewoo Bus Kazakhstan» зауыттары кірді.
Сурет: Telegram/minpromstroykz
По сообщению сайта Arna Press