Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау стандарттары мен талаптарына өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұсынылып отырған басылымда бейнебақылау жүйесі — бұл бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық-техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ өзара ақпарат алмасатын бағдарламалық немесе аппараттық басқару құралдарының жиынтығы.
Қазіргі редакцияда бейнебақылау жүйесі – объектінің жай-күйі мен оның қауіпсіздігі туралы бейнелерді алуға арналған, техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар, бірлесіп жұмыс істейтін техникалық құралдардың жиынтығы.
Құжат 14 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.
Қазақстанда білім туралы аттестаттың жаңа түрі берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press