Елорда тұрғыны жоқ жеміс-жидектерді сатумен айналысқан

Дата: 01 августа 2024 в 20:58

Елорда тұрғыны жоқ жеміс-жидектерді сатумен айналысқан, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы барысында 20 жастағы алаяқты анықтады. Белгілі болғандай жас жігіт ғаламтордан жаңа піскен жидектердің фотосуреттерін жүктеп алып, содан кейін OLX сайтында оларды сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

Алаяқтың қармағына ілінген клиенттерге ол «дайын тапсырыстардың» фотосуреттерін жіберіп, курьер арқылы жеткізіп береміз деген сылтаумен ақшаны алдап алып, содан кейін байланысқа шығуын тоқтатқан.

Қазіргі уақытта полицейлер оның елорда аумағында жасалған алаяқтықтың осыған ұқсас 5 фактісіне қатысы барын анықтады.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды абай болуды және ақпараттың дұрыстығына көз жеткізбей жатып бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауды ескертеді.

Сурет: ашық дереккөздерден 

 

По сообщению сайта Arna Press