Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және онымен бірге сотталған басқа да адамдарға қатысты үкім аппеляциялық тәртіппен қайта қаралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы 21 тамызда Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен А.Мұхамедиұлы және басқаларына қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралды.
Айта кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2029 жылғы 29 ақпандағы сот үкімімен Мұхамедиұлы А. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу арқылы, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырғаны, рейдерлік әрекетке бағытталғаны, өкілеттіктерін теріс пайдалануды ұйымдастырғаны үшін (ҚК 28-бабының 3-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы, 24-бабының 3-бөлігі – 249-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі – 250-бабының 1-бөлігі) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыруға;
Нұразхан А. кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу жолымен, аса ірі мөлшерде ұрлауға қатысқаны үшін (ҚК 28-бабының 2-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруға;
Кошенов А. мен Садвокасова А. кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде, талан-таражға салу жолымен ұрлауға жәрдемдескені үшін (ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдармен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ А.Садвокасоваға үкімнің орындалуын 5 жылға кейінге қалдыру қолданылды;
Сатубалдин А. мен Кочетов Л. кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде, талан-таражға салу жолымен ұрлауға қатысқаны үшін (ҚК 28-бабының 2-бөлігі — 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға;
Жуаспаева Г. өкілеттігін асыра пайдаланғаны және көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін (ҚК 250-бабының 1-бөлігі, 385-бабының 3-бөлігі) 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Сондай-ақ Жуаспаева Г. «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының негізінде негізгі жазадан, ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша ҚК 71-бабы 1-бөлігінің 1) тармағы бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Мәдениет және спорт министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып, 3,5 млрд теңгеден астам сомада келтірілген залал өндірілді.
Бірінші сатыдағы сот А.Мұхамедиұлы және басқалары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу жолымен, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырып, оған қатысқаны анықталды.
Қорғаушылар, сотталғандар және олардың адвокаттары сот үкімімен келіспей, оған шағым келтірді.
Астана қалалық сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсі дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті.
Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою немесе өзгерту үшін негіздер анықталмады.
Үкім заңды күшіне енді.
Сурет: Nur.kz
По сообщению сайта Arna Press