Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімі өзгерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының азаматына екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы міндеттемелерін тоқтату мақсатында көрсетіледі.
Көрсетілген міндеттемелерге, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттемелер де жатады.
Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелердің болуы және жиынтығында мынадай:
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.
Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.
Осы тармақшаның талаптары осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды.
өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің қолданылмау шарттарына сәйкес келуі негіз болып табылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы Өтініш берілген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде мемлекеттің атынан әлеуметтік көмек алушы болып табылса, шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.
Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі Өтініш берілген күннен 5 (бес) жыл асса, осы тармақшамен белгіленген шарттарға қарамастан, көрсетілетін қызметті алушы Өтініш бере алады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға Өтінішін өңдеу, сәйкестігін тексеру тіркеуші мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кредиттік бюролардың деректерін салыстыру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Көрсетілген қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың қабылданғаны туралы электрондық қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды, курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті портал және (немесе) мобильдік қосымша арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы Өтінішті Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы көзделген мән-жайларға сәйкес келген және жұбайының (зайыбының) келісімі болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Өтініш берілген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді порталда орналастырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер порталда орналастырылған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Соттан тыс банкроттық рәсімді жүргізу мерзімі ішінде:
Соттан тыс банкроттық рәсімі порталда тиісті хабарландыруды орналастыру арқылы тоқтатылады.
Соттан тыс рәсімді тоқтату үшін негіздер болмаған кезде, уәкілетті орган «электрондық үкімет» веб-порталында борышкер туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап алты ай өткен соң соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады. Шешім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шығарылады және «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылуға жатады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші:
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде (сәйкестендіру үшін) жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген кезде, мемлекеттік корпорация мерзімінде талап етілмеген құжаттардың 1 (бір) ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Бұйрық 2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press