2024 жылғы 15 қазанда Талғар әкімі мен оның орынбасары өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен айырылды. Енді тағы бір шенеуніктің: Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев отставкаға кеткені белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы аудан әкімдігінің сайты хабарлады.
«Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат Есенкелдіұлы және оның орынбасары Бидаев Айбек Дүйсембекұлы «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press