Абай облысында ірі есірткі тасымалдау арнасы кесілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, Прокуратураның үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізудің тұрақты арнасын жою бойынша іс-шаралар жүргізді.
«Жедел іс-шаралар барысында автокөлікпен ірі көлемде есірткі тасымалдап бара жатқан үш жергілікті тұрғын ұсталды. Нәтижесінде 110 килограмнан астам марихуана тәркіленді, оның нарықтық құны 35 миллион теңгеден асады», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қылмыстық топ жасаған іс-әрекетке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аймақта есірткінің заңсыз айналымына қарсы белсенді күрес жалғасуда.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press