Стоковые изображения от Depositphotos
Семей қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Ермек Әзбергенов ХV Президенттік олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының ФМБ НЗМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
200-ге жуық дарынды жастар қатысқан олимпиада 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтті.
«Жаратылыстану-математика циклы пәндерін қамтыған білім бәйгесінің жеңімпазы Ермек Әзбергеновке І дәрежелі диплом, медаль және Қазақ-Британ техникалық универитетіне грант берілді», − деп хабарлайды Семей қаласының ФМБ НЗМ-нің баспасөз қызметі.
Фото: Семей қаласының ФМБ НЗМ баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press