Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 4

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 06 мая 2024 в 19:46

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Arna Press, 06 мая 2024 в 16:38

Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шараға интернационалист ардагерлермен қатар әскери қызметшілер, облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады

Arna Press, 06 мая 2024 в 12:48

Қазақстанда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады
Бұл туралы БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Болат Жаңабаев айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оның айтуынша, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады.«Тұтас сызықты кесіп өту жауапкершілігі өзгертілді, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткеніңіз үшін жүргізуші куәлігінен айырыласыз», — деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары.Жаңабаев ауылдағы автобустар сағатына 50 шақырымға дейін жылдамдықпен жүретінін айтты.«Бөлек автобус жолағында М3 санатындағы көліктер жүре алады, оларға жүргізуші орнынан басқа жолаушыларға арналған сегізден астам орындығы бар автобустар кіреді.

Қазақстанда жаңа комитет құрылды

Arna Press, 04 мая 2024 в 21:28

Қазақстанда жаңа комитет құрылды
Қазақстанда Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

Мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?

Arna Press, 04 мая 2024 в 20:08

Мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?
Синоптиктер мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сәуірде жауған жауын-шашынды және ауа райы болжамын ескере отырып, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаятыны айтылды.Құрғақшылық күтіледі:Бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады:Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептелген.Сурет: depositphotos.com

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды.

Arna Press, 04 мая 2024 в 17:48

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды.
«Шетелдік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.» — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстанда сұйытылған газдың шекара асуына шектеу ұзартылды

Arna Press, 04 мая 2024 в 16:38

Қазақстанда сұйытылған газдың шекара асуына шектеу ұзартылды
Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 2 мамырдағы «сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатта былай делінген:Бұл шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ

Arna Press, 04 мая 2024 в 15:38

Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ
Елімізде автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР көлік министрлігінің ақпаратынша, көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалар деңгейінің өсуіне әкеп соғады.«Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады.«ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметіСондай-ақ аталған Заң жобасы шеңберінде автокөлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделген.Жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізу автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу сапасын жақсартуға және жосықсыз техникалық қарап тексеру операторларының санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Семейліктер сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Arna Press, 04 мая 2024 в 11:58

Семейліктер сарбаздарды салтанатты  түрде қарсы алды
Маңғыстаудан Семейге келген пойызды перронда Абай облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің өкілдері, сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен достары жиналды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осыдан тура бір жыл бұрын осы теміржол бекетінен мерзімді әскери қызметке сарбаздарымызды жіберген болатынбыз.

«Теңгенің нығайғаны жақсы емес». Экономистер қызық үрдіс туралы айтты

Arna Press, 04 мая 2024 в 11:58

Теңге неге байланысты нығайып отыр? Экономикаға қандай әсер береді? Су тасқынынан келген шығынға бюджеттен қанша қаржы кетеді? Massaget.kz тілшісі экономистерден сұрап білді. «Ұлттық банк теңгенің бағамын тұрақты ұстап тұру мәселесін алға қойған. Бұл біздің инвестициялық және экономикалық бағытта тұрақты дамуыңызға әсер етеді.

Қазақстанда жеке куәліктердегі ақпарат өзгереді

Arna Press, 03 мая 2024 в 17:08

Қазақстанда жеке куәліктердегі ақпарат өзгереді
ҚР ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.», — делінген құжатта.Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тiлдерiнде мынадай жазулар орналасады:Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады.ҚР азаматының жеке куәлігінде ұлты ҚР азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.Жеке куәліктің артқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:жоғарғы бөлігі – көрнекі аймақ, онда штрих код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі және қазақ және орыс тілдеріндегі мынадай жазулар орналасады:төменгі бөлігі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын, машинамен оқылатын жазу орналасқан.

Үкімет: Алдағы бірнеше айда көкөніс қымбаттамайды

Arna Press, 03 мая 2024 в 16:08

Үкімет: Алдағы бірнеше айда көкөніс қымбаттамайды
Үкімет маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш апта қатарынан төмендеп келеді.Әсіресе, қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер арзандаған.Көкөністер Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілмек.Ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Премьер-Министр келісім-шарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстанның екі өңірінде ірі су қоймалары 100%-ға толды

Arna Press, 03 мая 2024 в 14:18

Қазақстанның екі өңірінде ірі су қоймалары 100%-ға толды
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылдың 2 мамырындағы ағымдағы жағдай бойынша еліміздің су қоймаларындағы ахуал туралы айтты,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақпаратқа сәйкес, 100%-ға толған:Сондай ақ ведомствода еліміздің басқа өңірлеріндегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер ұсынды:«Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі», — деп толықтырды ведомства баспасөз қызметі.Сурет: unsplash

Қазақстан шекарасында үш мыңнан аса адам ұсталған

Arna Press, 03 мая 2024 в 14:18

Қазақстан шекарасында үш мыңнан аса адам ұсталған
Бұл мәліметтерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі келтіріп отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҰҚК Шекара қызметі мәліметінше, шекара кеңістігінде 3 186 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталған, оның ішінде:«Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде: 49 факт – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 келіден жоғары; 36 факт – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер); 38 факт – діни әдебиет (842 дана); 341 факт – жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (133 тоннадан астам); 744 факт – жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 134 факт – жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам шетел валютасы», — делінген хабарламада.Сурет: Tengrinews.kz

Ескірмеген махаббат: зейнеткер 60 жылдан кейін өзінің алғашқы махаббатымен бас қосты

Arna Press, 03 мая 2024 в 10:58

Ескірмеген махаббат: зейнеткер 60 жылдан кейін өзінің алғашқы махаббатымен бас қосты
Зейнеткер 60 жылдан кейін өзінің алғашқы махаббатымен бас қосты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.South China Morning Post газетінің ақпараты бойынша Чжоу Гуйлин Пекин университетінің Заң факультетінің студенті болған. Онда ол Ян Шугуймен кездескен. Білім ордасы қабырғасында басталған қарым-қатынас, оқу бітіргеннен кейін үзіліп қалған.Чжоу өзінің туған қаласында мектеп ашып және оның алғашқы директоры болып, өмірін білімге арнапты.

Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін

Arna Press, 02 мая 2024 в 20:38

Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сенат кулуарында журналистер ведомствоның вице-министрінен интернетке қатысты проблемалары болған-болмағанын сұрады.«Мен де, сіздер сияқты, байланыстағы проблемаларды байқаймын.

Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Arna Press, 02 мая 2024 в 19:38

Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мәліметінше, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық әуежайларда авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жаңа шаралар енгізіледі.

2024 жылы Қазақстанда электр қуатына тарифтер өседі ме

Arna Press, 02 мая 2024 в 17:38

2024 жылы Қазақстанда электр қуатына тарифтер өседі ме
Қазақстан Энергетика министрлігі 2024 жылдың соңына дейін электр энергиясының тарифтерімен болатын өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов электр энергиясының түпкілікті тарифтерін Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетінін, бұл ретте Энергетика министрлігі тек электр станцияларындағы тарифтерге жауапты екендігін атап өтті.«Біз станциялардағы тарифтерді 1 қаңтардан бастап көтердік, сондықтан жақын арада электр станцияларында жыл соңына дейін электр қуатына тарифтің өсуі күтілмейді.

Медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» отправился в путь по Казахстану

EKaraganda.kz, 02 мая 2024 в 17:35

Медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» отправился в путь по Казахстану
Поезд оснащён современным оборудованием и лабораторией. А в составе медбригад специалисты узкого и широкого профиля. Всего около 30 медработников. Едут также психологи и юристы, которые будут проводить консультации. Тимур Султангазиев, первый вице-министр здравоохранения РК: — Проект действует с 2010 года.

Мамырда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

Arna Press, 02 мая 2024 в 13:48

Мамырда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы
Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Консультативтік болжамға сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жиі жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр, кей күндері найзағай, қатты жел және бұршақ жауады.

Көмекке барған Абай гарнизонының әскерилері үйлеріне оралды

Arna Press, 02 мая 2024 в 12:58

Көмекке барған Абай гарнизонының әскерилері үйлеріне оралды
Көмекке барған Абай гарнизонының әскерилері үйлеріне оралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына көмекке барған Абай гарнизонының әскери қызметшілері су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын аяқтады. Жағдайдың тұрақталғанына байланысты Абай гарнизоны әскери бөлімдерінің 200-ден астам жауынгері тұрақты орналасау пунктеріне оралды.Әскери қызметшілерді теміржол бекетінен салтанатты жағдайда әскери бөлім басшылығы мен жұбайлары, туған-туыстары қарсы алды.

Абай облысында қоғамдық орында ластаған бес мыңға жуық азамат жауапкершілікке тартылды

Arna Press, 02 мая 2024 в 12:08

Абай облысында қоғамдық орында ластаған бес мыңға жуық азамат жауапкершілікке тартылды
Абай облысында жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 5000-ға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жалпы пайдалану орындарының ластану фактілері Семей қаласының ЖБО камераларымен анықталады. Камералардың линзаларына темекі тұқылын жерге лақтырған азаматтар түсті.
Показано 30 новостей из 4 707