Популярные темы

депо: новости

Семей қаласының орталығында ЖКО салдарынан 7 адам зардап шекті

Arna Press, сегодня в 17:48

Семей қаласының орталығында ЖКО салдарынан 7 адам зардап шекті
9 мамырда сағат 18:20 шамасында 38 жастағы «ГАЗель» көлік құралының жүргізушісі Ибраев-Қайым Мұхамедханов даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетіп, «Toyota Highlander«көлік құралдарымен соқтығысуға жол берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы жаңа қаланың әкімі тағайындалды

Arna Press, сегодня в 16:58

Қазақстандағы жаңа қаланың әкімі тағайындалды
Жаңа құрылған Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін ол Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі, 2010 жыл) білім алған.Ол — халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, Президенттің жас таланттар пулының мүшесі.Аркен Өтенов еліміздің банк секторында, сондай-ақ, мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде тәжірбиелі жұмыс атқарған.Еске салайық, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 9 қаңтардағы жарлығы бойынша, Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылы қала мәртебесіне ие болып, Алатау деп аталды.

Чехияда қазақ жауынгерінің есімі мәңгілікке жазылды

Arna Press, сегодня в 15:58

Чехияда қазақ жауынгерінің есімі мәңгілікке жазылды
Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен, Чехияның Оңтүстік Моравия өлкесінің Костице селосындағы бауырластар зиратында жерленген қазақ солдаты Рақымжан Нұрмақсұтовтың есімі бейіт басындағы ескерткіш-тасқа қашалып жазылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Өткен жылдың күзінде Қазақстанның Чехиядағы Елшілігіне Р.Нұрмақсұтовтың туыстары марқұмның жерленген жерін анықытағандары туралы хабарлап, оның есімін бейіт тасына жазуға көмектесу туралы өтініш білдірді.Елшілік Чехияның Қорғаныс министрлігімен және жергілікті билік өкілдерімен бірлесе отырып, тиісті жұмыстар жүргізді.

Қазақстанда балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітіледі

Arna Press, сегодня в 14:48

Қазақстанда балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітіледі
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатта балаларды стационарлық деңгейде онкологиялық және гематологиялық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға жатқызуға арналған көрсеткіштер, қатерлі ісіктердің түрлеріне байланысты динамикалық бақылау мерзімдері айқындалған.Сонымен қатар, балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсету кезінде сүйек кемігін және гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялауды ұйымдастыру тәртібі анықталды.Медициналық ұйымдар балалардың онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, пациенттердің профилактикасына, ерте диагностикасына, емделуіне, динамикалық байқалуына бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді деп көзделеді.Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына кірмейтін препаратпен емдеу қажет болған жағдайда препаратты тағайындау бейінді мамандар консилиумының шешімі бойынша мүмкін болады.Балалардың гематологиялық көмегі ақылы негізде көрсетіледі.Балалардың онкологиялық және гематологиялық көмегін көрсететін медициналық ұйымдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің негізінде эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып, медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.Медициналық көмек деңгейлеріБастапқы деңгейде балалардың онкологиялық және гематологиялық көмегін алғашқы медициналық-санитарлық көмек және консультациялық-диагностикалық көмек (КДП) ұйымы жүзеге асырады.Қайталама деңгейде балалар онкологиялық және гематологиялық көмегі көп бейінді облыстық балалар ауруханалары немесе қалалық балалар ауруханалары деңгейінде – балалар онкологиясы және гематология бөлімшесінде, онкологиялық, гематологиялық немесе паллиативтік төсектері бар соматикалық бөлімшелерде және консультациялық-диагностикалық бөлімшелерде жүзеге асырылады.Үшінші деңгейде – орталық жүйке жүйесінің ісіктері кезінде сәулелік терапия мен операциялар жүргізуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, республикалық деңгейдегі балалар медициналық ұйымдарының тиісті бөлімшелерінде.Стационарды алмастыратын жағдайларда балаларға медициналық көмекті БМСК, ҰҚШҰ, МДБ ұйымдары, республикалық деңгейдегі балалар медициналық ұйымдары жүзеге асырады.Балалардың онкологиялық және гематологиялық көмегін үшінші деңгейде көрсететін республикалық медициналық ұйымдар бастапқы және қайталама деңгейдегі мамандарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады.Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган республикалық деңгейдегі балалар медициналық ұйымына балалардың онкологиялық және гематологиялық көмегін жалпы үйлестіруді бекітеді.Балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:МСАК-та балалар онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетіледі:Стандарт сонымен келесі жайттарға мән береді:Атап айтқанда, амбулаториялық жағдайда консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін балалар онкологы мен гематолог кабинетінің құрылымы мен штат санын емдеу-диагностикалық жұмыс көлемі мен пациенттер санына қарай медициналық ұйымның басшысы белгілейді, бірақ 10 мың балаға шаққанда 0,05 дәрігерлік штат бірлігінен кем емес.Амбулаториялық жағдайда КДП көрсету үшін 1 дәрігерлік ставкаға орта медициналық персоналдың 1 ставкасы айқындалады.Құжат 23 мамырға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.Сурет: pexels

«Елге қайтатын уақыт келді»: Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жария етті

Arna Press, сегодня в 12:58

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде жақсы жаңалығын жариялап, қалың көпшілікке дипломын көрсетті. Бір жыл бойы Англияда білім алған өнер иесі жақын арада елге оралатынын хабарлады, деп жазады Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.Айгүл Иманбаева Англияда бір жыл тез өтіп кеткенін алға тартып, оқырмандарына алған дипломын көрсетіп мақтанды. Өнер иесі туған еліне оралса да, Англияны сағынатынын жеткізді.

Құтқарушылар Алматы тауларында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді

Arna Press, сегодня в 11:58

Құтқарушылар Алматы тауларында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді
Мамырдың 10-на қараған түні ҚР ТЖМ құтқарушылары Шымбұлақ шыңына шығу барысында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомстваның хабарлауынша, 9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген. Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілген.Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсеткен.

Жайықтағы су деңгейі үздіксіз көтерілуде

Arna Press, сегодня в 11:58

Жайықтағы су деңгейі үздіксіз көтерілуде
ҚР ТЖМ Атырау облысы тұрғындарына Жайық өзеніндегі су деңгейінің біршама көтерілгенін айтып, ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомстваның хабарлауынша, Атырау облысы Индер ауданы Индербор елді мекені Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуде.Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде.Су тасқыны басталған кезеңнен бері 8 мамырдағы жағдай бойынша, апаттық-құтқару жұмыстарына 17,5 мың адам жұмылдырылды.Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Астанадағы LRT құрылыс алаңында кран құлады

Arna Press, сегодня в 10:48

Астанадағы LRT құрылыс алаңында кран құлады
Төтенше жағдай Керей Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті зардап шеккендер жоқ екенін айтты.«9 мамыр күні сағат 11:36-да Астана қаласы, Есіл ауданы, Керей Жәнібек хандар және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан LRT құрылыс объектісінде ZOOMLION автомобиль кранының құлауы туралы ақпарат түсті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Семейде көппәрлі үйде жеделсаты құлады

Arna Press, 08 мая 2024 в 20:08

Семейде көппәрлі үйде жеделсаты құлады
Семейде көппәрлі үйде жеделсаты құлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.8 мамыр сағат 12:30 шамасында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ кезекші бөліміне «103» диспетчерінен Әуезов даңғылы, 3 бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте лифт шахтасына жеделсаты құлағаны туралы хабарлама түсті.Сағат 11:40 шамасында лифтке 6 адам кіргені анықталды.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 08 мая 2024 в 18:41

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Под таким адресным девизом уже 13 лет проходит на общественных началах Международная эстафета памяти и благодарности «Родина подвига – Родине героя». А.Ужанов на аллее памятников, вывезенных из Польши Cтарт ей дал в 2011 году легендарный конструктор Михаил Тимофеевич Калашников. А сама идея эстафеты родилась у полковника запаса Александра Ужанова, в то время руководителя Института социальной памяти в общественной Академии военных наук России.

Қазақстан мен Мысыр арасында қатынайтын рейстер саны аптасына 48-ге дейін өседі

Arna Press, 07 мая 2024 в 16:48

Қазақстан мен Мысыр арасында қатынайтын рейстер саны аптасына 48-ге дейін өседі
Қазақстан мен Мысырдың авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін ұлғайтуға уағдаласты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды екіден үшке дейін ұлғайту келісілді.Сондай-ақ, тағайындалған тасымалдаушылардың саны артты.

Семейде 400-ге жуық каратеші қала көшелерінде жүргіріп өтті

Arna Press, 07 мая 2024 в 15:28

Семейде 400-ге жуық каратеші қала көшелерінде жүргіріп өтті
Семейде 400-ге жуық каратеші қала көшелерінде жүргіріп өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Спорттық шара 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орайластырылып, есірткіге қарсы акция ретінде ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, бұл спорттық шара биыл 27 рет өтуде. «Жыл сайын бұл шараны біз 1 мамыр күні өткізетінбіз.

Абай облысында бес мыңға жуық түлек ағаш отырғызды

Arna Press, 07 мая 2024 в 12:58

Абай облысында бес мыңға жуық түлек ағаш отырғызды
Еліміз бойынша барлық білім беру ұйымдарында «Түлектердің ағаш отырғызу» республикалық челленджі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Экологиялық акцияға Абай облысы білім басқармасының басшысы, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, мұғалімдер және мектеп түлектері қатысты.Семейлік оқушылармен бірге Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев қатысып, ағаш отырғызуға өз үлесін қосты.

Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Arna Press, 06 мая 2024 в 16:38

Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шараға интернационалист ардагерлермен қатар әскери қызметшілер, облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде

Arna Press, 06 мая 2024 в 16:38

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Маусымдық кезеңге байланысты сиыр еті (төс-жон бөлігі) – 1,3 пайызға (келісі 2449 дан 2481 теңгеге дейін), картоп 2,5 пайызға (келісі 120 дан 123 теңгеге дейін), сәбіз 6 пайызға (келісі 151 ден 160 теңгеге дейін), қырыққабат 2,8 пайызға (келісі 143 тен 147 теңгеге дейін) өсуі байқалады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Семей»ӘКК» АҚ тауар интервенцияларын ұлғайту есебінен қарақұмық жармасының бағасын 10 пайызға (келісі 295 тен 265 теңгеге), күнбағыс майын 7,7 пайызға (литрі 663 тен 612 теңгеге), 1-санатты тауық жұмыртқасын 1,6 пайызға (10 данасы 553 тен 545 теңгеге) дейін төмендетті.Осы ретте сиыр еті, күріш және 1 санатты тауық жұмыртқасының құны республикамыздағы ең төмен бағалардың бірі екенін атап өткен жөн.Бағаны ұстап тұру мақсатында облыс әкімдігі жыл басынан бері барлық аудандарда 169 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді.Облыста 42 сауда дүңгіршегінде тұрақтандыру қоры өнімдері саудалануда.

Қазақстанда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады

Arna Press, 06 мая 2024 в 12:48

Қазақстанда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады
Бұл туралы БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Болат Жаңабаев айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оның айтуынша, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады.«Тұтас сызықты кесіп өту жауапкершілігі өзгертілді, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткеніңіз үшін жүргізуші куәлігінен айырыласыз», — деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары.Жаңабаев ауылдағы автобустар сағатына 50 шақырымға дейін жылдамдықпен жүретінін айтты.«Бөлек автобус жолағында М3 санатындағы көліктер жүре алады, оларға жүргізуші орнынан басқа жолаушыларға арналған сегізден астам орындығы бар автобустар кіреді.

Қазақстанда жаңа комитет құрылды

Arna Press, 04 мая 2024 в 21:28

Қазақстанда жаңа комитет құрылды
Қазақстанда Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

Мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?

Arna Press, 04 мая 2024 в 20:08

Мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?
Синоптиктер мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сәуірде жауған жауын-шашынды және ауа райы болжамын ескере отырып, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаятыны айтылды.Құрғақшылық күтіледі:Бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады:Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептелген.Сурет: depositphotos.com

Доллар бағамы 2,5 теңгеге арзандады

Arna Press, 04 мая 2024 в 19:28

Доллар бағамы 2,5 теңгеге арзандады
4 мамырдағы доллар бағамы белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,44 теңгеге төмендеп, 441,66 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 4 мамырдағы ресми бағамы — 444,14 теңге.kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 442,19 теңгеге, сатылымы 443,48 теңгеге тең.

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды.

Arna Press, 04 мая 2024 в 17:48

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды.
«Шетелдік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.» — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстанда сұйытылған газдың шекара асуына шектеу ұзартылды

Arna Press, 04 мая 2024 в 16:38

Қазақстанда сұйытылған газдың шекара асуына шектеу ұзартылды
Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 2 мамырдағы «сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжатта былай делінген:Бұл шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ

Arna Press, 04 мая 2024 в 15:38

Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ
Елімізде автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР көлік министрлігінің ақпаратынша, көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалар деңгейінің өсуіне әкеп соғады.«Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады.«ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметіСондай-ақ аталған Заң жобасы шеңберінде автокөлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделген.Жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізу автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу сапасын жақсартуға және жосықсыз техникалық қарап тексеру операторларының санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Семейліктер сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Arna Press, 04 мая 2024 в 11:58

Семейліктер сарбаздарды салтанатты  түрде қарсы алды
Маңғыстаудан Семейге келген пойызды перронда Абай облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің өкілдері, сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен достары жиналды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осыдан тура бір жыл бұрын осы теміржол бекетінен мерзімді әскери қызметке сарбаздарымызды жіберген болатынбыз.

«Теңгенің нығайғаны жақсы емес». Экономистер қызық үрдіс туралы айтты

Arna Press, 04 мая 2024 в 11:58

Теңге неге байланысты нығайып отыр? Экономикаға қандай әсер береді? Су тасқынынан келген шығынға бюджеттен қанша қаржы кетеді? Massaget.kz тілшісі экономистерден сұрап білді. «Ұлттық банк теңгенің бағамын тұрақты ұстап тұру мәселесін алға қойған. Бұл біздің инвестициялық және экономикалық бағытта тұрақты дамуыңызға әсер етеді.

Қазақстандықтар туралы жаңа деректер белгілі болды

Arna Press, 03 мая 2024 в 19:48

Қазақстандықтар туралы жаңа деректер белгілі болды
2024 жылғы 3 мамырда Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы ел тұрғындарының саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.Бюроның мәліметіне сәйкес, Қазақстан халқының саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 20 095 963 адамды құрады.Олардың ішінен:Зерттеуге сәйкес, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Алматыда 2 236 751 адам, Астанада 1 440 821, ал Шымкентте 1 226 931 азырақ адам тұрады.2023 жылдың 16 қарашасында Қасым-Жомарт Тоқаев 20 миллионыншы қазақстандық дүниеге келгенін хабарлады.

Қазақстанға арктикалық салқын жақындап келеді

Arna Press, 03 мая 2024 в 18:58

Қазақстанға арктикалық салқын жақындап келеді
Мамандар көктемгі жылуды тамашалауға үлгермеген ҚР солтүстік және батыс өңірлерінің тұрғындары Арктика салқынын қайтадан сезінетінін айтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мұның себебі, метеорологтардың пікірінше, қысым өрістерінің жылдам өзгеруі болады.Сонымен қатар, солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен алмасуы Қазақстан аумағында жауын-шашын мен қарама-қарсы ауа райына әкелетіні атап өтілді.«Баренц теңізінен суық ауа массаларының басып кіруі ауа температурасының төмендеуіне әкеліп соғады, алдымен солтүстік-батыста, солтүстікте, содан кейін республиканың орталығында түнде термометрлер теріс мәндерге түседі, жаңбыр жауады қарға айналу».«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіОңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын болжамына қарамастан, көктемгідей жылы ауа райы сақталады.Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжаған болатын.

Қазақстанда жеке куәліктердегі ақпарат өзгереді

Arna Press, 03 мая 2024 в 17:08

Қазақстанда жеке куәліктердегі ақпарат өзгереді
ҚР ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.», — делінген құжатта.Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тiлдерiнде мынадай жазулар орналасады:Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады.ҚР азаматының жеке куәлігінде ұлты ҚР азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.Жеке куәліктің артқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:жоғарғы бөлігі – көрнекі аймақ, онда штрих код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі және қазақ және орыс тілдеріндегі мынадай жазулар орналасады:төменгі бөлігі – машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын, машинамен оқылатын жазу орналасқан.

Үкімет: Алдағы бірнеше айда көкөніс қымбаттамайды

Arna Press, 03 мая 2024 в 16:08

Үкімет: Алдағы бірнеше айда көкөніс қымбаттамайды
Үкімет маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш апта қатарынан төмендеп келеді.Әсіресе, қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер арзандаған.Көкөністер Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілмек.Ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Премьер-Министр келісім-шарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстанның екі өңірінде ірі су қоймалары 100%-ға толды

Arna Press, 03 мая 2024 в 14:18

Қазақстанның екі өңірінде ірі су қоймалары 100%-ға толды
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылдың 2 мамырындағы ағымдағы жағдай бойынша еліміздің су қоймаларындағы ахуал туралы айтты,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ақпаратқа сәйкес, 100%-ға толған:Сондай ақ ведомствода еліміздің басқа өңірлеріндегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер ұсынды:«Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі», — деп толықтырды ведомства баспасөз қызметі.Сурет: unsplash

Қазақстан шекарасында үш мыңнан аса адам ұсталған

Arna Press, 03 мая 2024 в 14:18

Қазақстан шекарасында үш мыңнан аса адам ұсталған
Бұл мәліметтерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі келтіріп отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҰҚК Шекара қызметі мәліметінше, шекара кеңістігінде 3 186 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталған, оның ішінде:«Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде: 49 факт – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 келіден жоғары; 36 факт – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер); 38 факт – діни әдебиет (842 дана); 341 факт – жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (133 тоннадан астам); 744 факт – жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 134 факт – жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам шетел валютасы», — делінген хабарламада.Сурет: Tengrinews.kz
Показано 30 новостей из 2 419