Стоковые изображения от Depositphotos
7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шараға интернационалист ардагерлермен қатар әскери қызметшілер, облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шара алдында Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов сөз сөйледі.
«Сіздерді келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен, Жеңіс күнімен құттықтаймын! Елімізден сан мыңдаған жауынгерлер түрлі майданға аттанып, ақтық демі қалғанша шайқасты. Бүгін біз боздақтардың рухына тағзым етеміз. Елімізде ешқашан соғыс болмасын деп тілеймін!» – деді мәслихат төрағасы.
Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ төрағасы Боранбай Бегатов еске алу шарасының маңыздылығын атап өтті.
«Біз маңызды мерекелер қарсаңында дәстүр бойынша интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоямыз. Соғысқа аттанған ұлдарын жоғалтқан аналарды, майданда опат болған ағаларымыз бен інілерімізді еске алып, от пен оқтың ішінен аман шығып, ортамызға оралған жауынгерлерге құрмет көрсетеміз. Соғыс туралы кітаптан ғана білсек те, әлемде бейбітшілік болуын тілейміз», – деді Боранбай Бегатов.
Сурет: Облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press