Популярные темы

Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ

Дата: 04 мая 2024 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ
Стоковые изображения от Depositphotos

Елімізде автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделген, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР көлік министрлігінің ақпаратынша, көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалар деңгейінің өсуіне әкеп соғады.

«Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады.«ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметі

Сондай-ақ аталған Заң жобасы шеңберінде автокөлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделген.

Жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізу автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу сапасын жақсартуға және жосықсыз техникалық қарап тексеру операторларының санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда нарықта 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями