Популярные темы

Міндетті вакцинация мен шектеу шаралары Конституцияға қарсы ма? 08 декабря 2021, 14:45

Дата: 08 декабря 2021 в 14:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Міндетті вакцинация мен шектеу шаралары Конституцияға қарсы ма?
                08 декабря 2021, 14:45
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандағы міндетті вакцинация мен коронавирус инфекциясына қарсы қолданылған санитариялық шаралар мен шектеулер туралы Конституцияда не делінген? Бұл туралы заңгер Бағдат Амандосұлы Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасып, мән-жайды түсіндірді.

Міндетті вакцинация ҚР Конституциясына қарсы келмей ме?

Заңгердің айтуынша, бұған қатысты екі кодекс бар.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттің мақсаты — адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы орта қалыптастыру. Бүгінде ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 85-бабында міндетті профилактикалық екпелердің екі түрі айқындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысында мына аурулардың түрін қоса алғанда жоспарлы профилактикалық екпелер («В» вирусты гепатиті, b типті гемофильдік инфекция, дифтерия, көкжөтел, қызылша, қызамық, пневмококк инфекциясы, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, эпидемиялық паротит) және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер (құтырма, іш сүзегі, көктемгі-жазғы кене энцефалиті, оба, коронавирус инфекциясы) еліміздің аумағында тұрақты болатын адамдар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуға міндетті және осы баптың 8-тармағы медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар тізбеге сәйкес эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелерге жататыны нақты көрсетілген», — дейді маман.

Алайда, заңгердің айтуынша, ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 77-бабындағы 1-бөлігінің 18-тармағында ҚР азаматтары емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға құқылы, яғни ҚР Конституциясының 29-бабындағы 1-тармаққа сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының шешімді өзі қабылдауға құқығы бар. 

Шектеу шаралары ше?

Бағдат Амандосұлы коронавирусқа байланысты билік қолданып жатқан шектеулердің де ҚР Конституциясында көрсетілгенін алға тартты.  

«Мемлекет қабылдап жатқан санитарлық шектеулер жайында ҚР Конституцияның 39-бабының 1-тармағында халықтың денсаулығын сақтап қалу мақсатында қажетті шамада өзгерістер болатыны айтылған. Әрине, коронавирус инфекциясы әлем экономикасын құлдыратып жіберді, артынша вирустың таралу деңгейін төмендету үшін түрлі санитарлық шаралармен бетпе-бет келдік. Бұл реттегі барлық іс-әрекет заңды, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдай туралы заңында ескертілген шектеулер», — деді ол.   

Пандемиядан кейін Конституцияда өзгерістер бола ма?

Заңгер коронавирустан кейін заңға өзгерістер енгізу қажеттілігіне қатысты ойын айтты.  

«ҚР Еңбек кодексінің 133-бабы негізінде жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. Бұл орайда айта кететін жайт — жұмысшыға беретін ақша мөлшері. Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін айқындау туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1103 қаулысының 3-тармағына сәйкес, бір айға еңбекке уақытша жарамсыз адамға 15 АЕК төленеді, яғни 43 755 теңгеден аспауы керек деп көрсетілген. Қазіргі бүкіләлемдік пандемияға сәйкес мемлекетімізде көптеген адам осы аурумен ауырып, бірнеше апта бойы жұмысқа шыға алмай жатқан адамдар жеткілікті. Ал олар уақытша жұмысқа жарамсыз кезінде алатын ақшасы жоғарыда айтылғандай 43 755 теңгеден аспайды, ал қазіргі қымбатшылық, сонымен қатар, жыл сайынғы инфляцияны ескерсек, бұл сома өте аз. Сол себептен жоғарыда бұл бұйрықты өзерту және АЕК көлемін ұлғайтып қайтадан бұйрық шығару керек деп санаймын», — дейді маман.

Сонымен қатар, Бағдат Амандосұлы кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлерге қашықтан жұмыс жүргізуіне құқы барын Еңбек кодексіне өзерту енгізу керек деп санайтынын айтады.

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями